Тараз тұрғындары полицейлердңң адамдарды өрттен құтқарған бейнематериалдарын жарыса жариялауда. Кадрлардың бірінен полицейдің жарақаттанған аяғына қарамастан үй тұрғындарын эвакуациялауды жалғастырғанын көруге болады.
«Ол аяғын қайырып алуы мүмкін», «Ақсап тұрғанына қарамастан, ол жанып жатқан пәтерге жүгірді», «Бәрекелді! Нағыз жігіт екен!», қазнет пайдаланушылары оны мадақтап, әртүрлі жылы сөздер айтуда.
Белгілі болғандай, өрт шыққан пәтерде кәмелетке толмаған бес бала мен олардың анасы болған.