Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан биыл Оңтүстіктен Солтүстікке көшушілер үшін 7050 квота бөлініп отыр. Сондай-ақ, қандастар мен қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облыс белгіленді.
Бөлінген квота негізінде биылғы жылдың төрт айында Түркістан облысынан 372 адамы бар 107 отбасы солтүстік облыстарға қоныс аударды. Атап айтар болсақ, Шығыс Қазақстан облысына – 9 отбасы, Қостанай облысына – 3 отбасы, Павлодар облысына 49 отбасы...