Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ҚР Президентінің жанындағы «ҚР Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ басқарма президенті Ақылбек Күрішбаевтың қатысуымен Тараздағы «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атты академия Президиумының көшпелі отырысында сөйлеген сөзінде айтты. Іс-шара М.Х.Дулати атандағы Тараз өңірлік университетінде ұйымдастырылды.
Отырысқа ауыл шаруашылығы, ғылым және жоғары білім, су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар вице-министрлері, Парламент палаталарының депутаттары...