«Қазгидромет» РМК өңірлік филиалының мәліметінше, Жамбыл облысында 2024 жылғы 10-13 мамыр аралығында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.
Бүгінгі таңда су тасқыны жағдайы тұрақты.
Жауын-шашынның салдарынан Меркі өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі орын алды.
10.05.2024 жылғы сағат 20:00-ден бастап Меркі өзенінің арнасы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылуда, су айдындарының жай-күйі мен толуына үздіксіз мониторинг...