Үкімет басшысы Олжас Бектенов жергілікті жерлердегі әкімдердің жұмысын көріп отырғанын мәлімдеп, ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жергілікті жерлерде әкімдердің жұмысын көріп отырмыз. Мысалы, Маңғыстау облысында МАЭК-тің 2-жылу орталығындағы қазандықты жөндеу жұмыстары 8 қаңтардан бері әлі күнге дейін басталған жоқ. Ұлытау облысы да Жезқазған жылу электр орталығының қазандығын жөндеуге кіріскен жоқ. Әкімдер, сіздерге айтарым: жылыту маусымы бойынша штаб жұмыстарына атүсті қарауды доғарыңыздар.