«Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Сарысу ауданының шаруа қожалықтарының бірінде «Сапсан» жедел тобының инспекторларымен бірлесіп сексеуілді заңсыз пайдалану және тасымалдау дерегін анықтады.
Автокөлік шанағын және шаруашылықтың ауласын тексеру кезінде 3 текше метрден астам сексеуіл табылып тәркіленді. Жол талғамайтын көлік иесі ағашты отын ретінде қолданғанын айтты.
Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.