Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрғалығымен өткен кеңейтілген әкімдік мәжілісінде ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанының нәтижелері талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма және департамент басшылары және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысты.
Аймақ басшысы алдымен 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудағы бірқатар кемшіліктерге тоқталып, облыстың қарқынды дамуы үшін тиімді тетіктерді белсенді пайдалану қажеттігін баса айтты.