Қазақстанда жойқын су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу жалғасып жатыр. Үкімет аталған жұмысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырып жатыр.
Республиканың зардап шеккен аймақтарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтінішін беріп жатыр.
Бүгінгі таңда 24 835 өтінім қабылданды.
Биылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша 16 168 отбасы 5,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.