Путин: в Генштабе кадровых изменений не планируется
Суд рассмотрит апелляцию на приговор Игорю Гиркину
Российские ученые научились управлять рыбами
В Коломне на 74% реконструировали крупнейший в РФ комплекс переработки ТКО
Президент Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қадірлі отандастар!
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке.
Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр.