Бүгін, Жуалы ауданының Талапты ауылындағы Шерхан Мұртаза музейінде ауқымды сенбілік өтті.
Шерхан Мұртаза көрнекті тұлға болып қалыптасқан кезінде де өзінің туған топырағынан қол үзген жоқ. Тоқсаныншы жылдардың орта шенінде Жуалы ауданына қарасты Талапты ауылынан арнайы үй салынып берген болатын. Талапты – жазушының туған ауылы. Екі қабатты, еңселі ғимарат қазіргі күні музейге айналған.
Акция аясында Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп...