29 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Талас ауданы, Қаратау қаласындағы жалғыз басты қарттардың ауласын абаттандыру және жабайы шөптерден тазалау жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында, волонтерлар Қаратау қаласындағы 70-тен асқан қарт кісілілердің үйіне барып, ауласын тазалап, үй шаруасындағы жұмыстарға көмектесті.
— Біз бүгін бейбіт заманда өмір сүріп, тәуелсіз елдің азаматы болып жүрсек ол ата-әжелеріміздің ерен еңбегі. Сол кісілердің маңдай терінің жемісі.