«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жамбыл облысында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны жалғасуда. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Ұлы дала» шағын ауданының аумағында Тараз қаласының тұрғындарымен бірге ағаш отырғызды. Бұл күні 125 түп қарағаш, 100 түп емен, 170 түп терек, 101 түп шырша көшеті егілді.
27 мыңнан астам жамбылдық қалалар мен ауылдарды көгалдандыруға өз үлестерін қосты, оның ішінде кәсіпорын мен әлеуметтік нысанның 5 222 қызметкері бар. Аумақты абаттандыру бойынша 60 тарихи-мәдени ескерткіш...