Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар жергілікті зиялы қауым және жастардың өкілдерімен кездесті.
Д. Қонаев атындағы мұражайда еркін форматта өткен басқосуда өңірдің мәдени-рухани дамуы, жастардың қоғамдағы рөлі және өзге де тақырыптар қозғалды.
Ербол Қарашөкеев Талас ауданының әлеуетін, оның ішінде инвестиция тарту, жеке кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Жиында облыс әкімі аға буын мен жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.