Мәжіліс даулы масс-медиа туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс "Масс-медиа туралы" даулы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осыған дейін медиа қауымдастық өкілдері мен баспасөз құқығын қорғаушылар аталған құжат осы күйде қабылданса, елде сөз бостандығы шектеледі деп қауіптенген.
"Қазіргі заңнама ақпарат кеңістігінің даму қарқынына ілесіп үлгермей жатыр. Сондықтан уақыттың өзі мүлде жаңа заңды қабылдауды талап етті" деді мәжілісте баяндама жасаған ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева.
Министр заң жобасы "сөз еркіндігін қатаң сақтай отырып...