Алматыда өрт болған хостелден 13 адамның денесі табылды
30 қарашада таңертең Алматыда хостелдердің бірінде өрт болып, оқиға орнынан 13 адамның денесі табылды. Бұл жөнінде төтенше жағдай департаменті хабарлады.
"30 қарашада сағат 5:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 7 минут ішінде жетті. Олар барған кезде үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесінің жанып жатқанын көрген, ғимараттың бірінші қабаты мен жертөлесі хостел ретінде жабдықталған. Өртті барлау және сөндіру кезінде 13 адамның денесі табылды...