БҚО тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ұсталды
27 қыркүйекте ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК мәліметіне сілтеме жасап.
"Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деген күдікке ілінген. Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын.
Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.