Жыртқыштың етін жемек болған. ШҚО-да аюды атқан ер адам ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында аюды атқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті жыртқышты етін тұтыну үшін атып өлтірген. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі Ataarms және 308 калибрлі Zauermod мылтықтарын, квадроцикл, аюдың ұшасын тәркіледі, кейін олар ветеринариялық зертханаға сақтауға берілді.
"Күдіктіге...