Бас прокуратура: Самат Әбіш бір қылмыстық бап бойынша ғана күдікке ілінген
Экс-президенттің немере інісі Самат Әбіш бір ғана бап – "қызметтік өкілетті асыра пайдалану" бабы бойынша күдікке ілініп отыр. 27 қыркүйекте мәжілісте журналистердің сұрақтарына жауап берген бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, Самат Әбіш үстінен қылмыстық іс Қаңтар оқиғасынан кейін "біраз уақыт өткеннен" кейін қозғалған.
"Қылмыстық істің жай-жапсары және Самат Әбіштің оған қаншалықты қатысты екені әзірге белгісіз. Қазіргі кезде Самат Әбіштің құқықтық статусы туралы нақты ақпарат жоқ.