Бас прокуратура өкілі депутаттың Әлия Назарбаеваға қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Әлия Назарбаеваның қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шындалиевтің айтуынша, ол Назарбаеваға қатысты Бас прокуратураға түскен өтінішті көрмеген.
"Мен айттым: егер қылмыс құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, қылмыстық қудалау туралы шешімді қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органдар қабылдауы керек. Бізде осындай бірнеше орган бар: Антикор бар, экономикалық тергеу қызметі бар, Ішкі істер министрлігі бар.