Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт көтерілді
Ақша айырбастау орындарында доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы көтерілді. Бұған Kurs.kz деректері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде 11:25-тегі жағдай бойынша, долларды сатудың орташа бағамы – 482,33 теңге, сатып алу бағамы – 479,84 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде сату бағамы – 482,96 теңге, сатып алу – 476,36 теңге болды.
Айта кетейік, 27 қыркүйекте таңертең Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 476,82 теңге...