Азия ойындары: Елена Потапенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Бүгін, 24 қыркүйекте Ханчжоуда (ҚХР) Азия ойындарында қазақстандық спортшылардың қатысуымен академиялық ескек есуден екі финал өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдер "екілігінде" Мария Чернец пен Светлана Германович төртінші нәтиже көрсетті.
Сол сияқты ерлер "екілігінде" де өнер көрсетті. Ярослав Мельников пен Тимур Фомичев жүлдеден бір қадамда тоқтады.
Сонымен бірге Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыс бойынша финалдық кездесулер өтті.
Қазақстан атынан төрт спортшы қатысты.