Әлемде коронавирустың жаңа нұсқасы анықталып жатыр: ол кімдерге қауіпті, Қазақстанда тіркелді ме?
Кейінгі күндері бұқаралық ақпарат құралдары әлемнің бірнеше құрлығындағы бірқатар елде анықталған коронавирустың жаңа нұсқасының жылдам таралу қаупін талқылап жатыр. Tengri Health бұл қауіп қаншалықты негізді екенін, ол COVID-19-дың жаңа толқынының хабаршысы болуы мүмкін бе және қазір Қазақстанда коронавирустың қай нұсқалары таралып жатқанын анықтады.
Коронавирустың жаңа нұсқасы туралы не белгілі?
Қазанда неміс ғалымдары жариялаған зерттеуде коронавирустың жаңа нұсқасы - PJ.2.1-дің таралуы туралы айтылған.