Қуат Хамитов UFC үздігіне қарсы жекпе-жек өткізеді
Қазақстанның ең танымал ММА файтерлерінің бірі Қуат Хамитов RAF промоушенінде жеңіл салмақтағы UFC рейтингінің екінші нөмірі Арман Царукянмен күрес бойынша белдесу өткізеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
RAF (Real American Freestyle) күрес промоушенінің баспасөз қызметі Грузияда өтетін турнирдегі жекпе-жектерді жариялады.
Кездесулердің бірінде белгілі қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов пен UFC-дің жеңіл салмақтағы үздік өкілі, армян файтері Арман Царукян кездеседі.
Турнирдің өзі 11 шілдеде өтеді.