Астанада Тілендиев даңғылы бір айға ішінара жабылады
Астанада Тілендиев даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Әкімдік "Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысындағы көлік айрығының құрылысы" жобасы аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.
Осыған байланысты 6 маусым мен 6 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеліп, автокөлік қозғалысы бір жақ бетімен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлау және жол қозғалысындағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралады.