НАТО Түркия әуесінде баллистикалық ракетаны атып түсіргенін мәлімдеді
НАТО Түркия әуесіне кірген баллистикалық ракетаны атып түсіргенін мәлімдеді. Бұл – АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл бастағалы Түркияға бағыттталған екінші ракета.
"НАТО тағы да Түркияға келе жатқан ракетаны атып түсірді. НАТО өзінің мүшелерін кез келген қауіптен қорғауға дайын" деп мәлімдеді альянс 9 наурызда.
Түркия қорғаныс министрлігі жағдайды растап, ракетаның сынықтары Сириямен шекараға жақын Газиантеп қаласындағы бос далаға құлады деп мәлімдеді. Түркия тарабы қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ дейді.