Жаңа неке қию орталығы: заманауи форматтағы салтанатты рәсімдер
Бүгін Тараз қаласында жаңа Неке қию орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталық «Ұлы дала» шағын ауданы, 137-үй мекенжайында орналасқан. Салтанатты шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты, деп хабарлайды Мемлекеттік корпорацияның Жамбыл облысы бойынша филиалы.
Енді қала тұрғындары некелерін тіркеп, маңызды отбасылық шараларды заманауи әрі жайлы кеңістікте өткізе алады. Мұнда неке қиюмен қатар...