Таразда жылу құбырларының тозу деңгейі 51 пайызға дейін төмендейді
Тараз қаласында «Қазгидромет» ұсынған мәліметтерге сәйкес сәуір айында ауа райының тұрақты болуына байланысты 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы 14 сәуірден бастап аяқталды.
Сонымен қатар қазандықтарды жөндеу және жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізу үшін 14 сәуір мен 14 мамыр аралығында 1 ай мерзімге ыстық су беру уақытша тоқтатылды.
Гидравликалық сынақ жылыту маусымын қауіпсіз өткізуге ықпал етеді. Яғни, бұл шара жылу желілерінің ақаулы учаскелерін анықтап, оларды ауа...