Ақтауда куәгерлер қызды зорламақ болған ер адамды ұстап алған
Әлеуметтік желілерде соққыға жығылған ер адамның видеосы тарады. Ол қылмыскер болуы мүмкін екені айтылды. Авторлардың айтуынша, ол Ақтау жағалауында қызға тиіспек болған, бірақ сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар оны тоқтатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға қараңғы уақытта болған. Көмекке шақырған дауысты естіген куәгерлер қызға араша түскен көрінеді. Ер адамдар күдіктіні тоқтатып, оны полицияға тапсырған. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген. Кадрлардан...