"Әзірет Сұлтан" қорық-музейінде "Береке, бірліктің символы - Тайқазан" көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен еліміздің тарихында өзіндік орны бар Тайқазанның Түркістан қаласына қайта оралған күніне орай "Береке, бірліктің символы - Тайқазан" көрмесі ашылды.
"Бүгін қасиетті Тайқазанның араға 54 жыл салып елге оралғанына - 31 жыл.