АСТАНА. ҚазАқпарт - 2018 жылдың 25 мамырынан 25 шілдесіне дейін, Ресейде футболдан Әлем чемпионаты өтуіне байланысты, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларында шетел азаматтарын тіркеудің ерекше ережелері қолданылады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ресейдегі Елшілігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.