Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов жеңіл салмақта UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжидің кездесуі Абу-Даби қаласындағы UFC 254 турнирінде өтіп, екінші раундта аяталды. Нурмагомедов қарсыласын "үшбұрыш" әдісіне салып, жеңді.
Айта кетейік, бұл кездесуде ресейлік спортшы белбеуін үшінші рет қорғады. Ол бұған дейін ирландиялық Конор МакГрегор және америкалық Дастин Порьеге қарсы айқаста белбеуін сәтті қорғаған болатын.