Алматы облысында жылу бағасына қатысты дау шықты, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".
Телеарнаның мәліметінше, Жаркентте "Жұмыспен қамту" бағдарламасымен пәтер алған тұрғындар тарифтің қымбаттағанына наразы. Тұрғындардың айтуынша, жылу үшін 35 мың теңгеге дейін төлеу керек болып жатыр.
Тұрғындар айына 1 бөлмелі үй 15 мың теңге төлесе, 2 бөлмеге 25 мың, ал, 3 бөлмелі алғандар 35 мың теңгеден төлеп отыр. Мұндай баға еліміздің ешбір қаласында жоқ шығар дейді тұрғындар. Тіпті кейбірінің пәтері жылынбайтындықтан...