АСТАНА. ҚазАқпарат - М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Құқық жоғары мектебі Азия халықаралық құқық қауымдастығының Қазақстандық ассоциациясы мәртебесіне қол жеткізді. Бұл шешім 2018 жылдың 12 қазанында Азия халықаралық құқық қауымдастығының Атқарушы кеңесінің Бейжіңде өткен 19-отырысында қабылданды.