ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Н. Назарбаев феномені: саяси ұстанымдар мен бастамалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.