Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың 40 пайызы 30 жасқа толмаған. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Елордада коронавирус жұқтырған 1686 науқас тіркелді. 835 науқас немесе 51 пайызы жазылды. Қалғаны карантинде, өкінішке қарай, бес адам қайтыс болды", - дейді Көлгінов.
Нұр-Сұлтан әкімі елордада COVID-19 жұқтырғандардың жасы туралы баяндады.
"Қазір күнделікті өсім статистикасы екіден төрт пайызға дейін. Науқас азаматтардың 40 пайызы 30 жасқа толмаған.