Жамбыл облысында жыл соңына дейін 15 білім беру, 23 денсаулық сақтау, 10 спорт, 8 мәдениет нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ербол Қарашөкеев әлеуметтік саладағы көрсеткіштерді баяндады.
Өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында 36 білім беру нысанын салу (10 600 орын) жоспарланған. Биылғы 10 айдың қорытындысына сәйкес 13 білім ошағы пайдалануға берілді, оның үшеуі «жайлы» мектеп. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды қолданысқа беру көзделіп отыр (1 мектеп...